24.02.2026
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, мектепке дейінгі ұйымның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Педагог және Заң» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Аталған іс-шара педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіруге, педагог мәртебесін нығайтуға және кәсіби жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.
Ақпараттық сағат барысында нормативтік-құқықтық құжаттарға шолу жасалып, қызметтік әдеп, еңбек тәртібі және бала құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды.
Білім беру жүйесінде заң мен тәртіп — бала құқықтарын қорғаудың және тәрбие сапасының кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларын сақтай отырып, біз саналы әрі жауапты азаматтар буынын қалыптастырамыз.
Заң мен тәртіп — әрқайсымыздан басталады.
Құрметтен, жауапкершіліктен және адалдықтан.
Болашақ бүгіннен басталады.