Текст
30.09.2026
«Педагог және Заң» ақпараттық сағаты
МКҚК «Балбөбек» бөбекжайында педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері, кәсіби қызметтегі жауапкершілік, педагог мәртебесі және білім беру саласындағы негізгі құқықтық нормалар туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды талқылап, күнделікті жұмыс барысында кездесетін түрлі жағдайларға қатысты пікір алмасты.
Осындай ақпараттық шаралар педагогтердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге және кәсіби жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді