21.01.2026
«Адал азамат» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында біздің балабақшада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау дәстүрге айналды.
Әрбір жаңа оқу аптасының басында балабақша тәрбиеленушілері педагогтермен бірге салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды. Бұл іс-шара балалардың бойында отансүйгіштік сезімді, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті, туған елге деген сүйіспеншілікті және азаматтық жауапкершілікті ерте жастан қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік Әнұранды орындау арқылы балалар ел бірлігін, ұлттық құндылықтарды, тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін тереңірек сезінеді. «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізілетін бұл рәсім жас ұрпақты адамгершілікке, тәртіпке, жауапкершілікке және елжандылыққа тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады.
Балабақша педагогтері салтанатты әрі жағымды атмосфера қалыптастырып, тәрбиеленушілерге Мемлекеттік Әнұранның мәні мен маңызын түсіндіреді. Бұл жұмыс балалардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырып, болашақта саналы, адал және отаншыл азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.