Текст
13.01.2026
Бүгін балабақшамызда жаңа жылдық шыршамен қоштасу мерекесі өтті. Бұл шара қысқы мерекелердің жарқын сәттерін қорытындылайтын жылы әрі әсерлі болды. Балалар жаңа жылдық ертеңгіліктерді, шырша жанында айтылған әндер мен билерді, көңілді ойындарды қуана еске алды.
Мереке барысында балалар тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысты. Тәрбиешілер балаларға шыршаның мерекелік көңіл күй сыйлап, сиқырлы атмосфера қалыптастырғанын түсіндірді.
Қоштасу мерекесі көтеріңкі көңіл күйде, шаттық пен жылулыққа толы өтті. Балалар шыршаға алғыс айтып, келесі жылы қайта кездесеміз деп уәде берді.