Текст
12.01.2026
«Почемучки» кіші тобында «Лақай ешкіге үй» тақырыбында жапсыру сабағы өтті. 🐐🏠
Сабақ барысында балалар ертегі кейіпкерімен танысып, үйдің суретін қарастырды, оның қандай бөліктерден тұратынын талқылады. Балалар жапсыру жұмысын қызығушылықпен орындап, желімді ұқыпты жағуды, бөлшектерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды үйренді. Бұл жұмыс ұсақ қол моторикасын, зейінін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Сабақ жылы, қызықты атмосферада өтті, балалар өз жұмыстарының нәтижесіне қуанып, жағымды көңіл-күй алды.