Текст
27.11.2025
Қазақ тілі онкүндігі. Алтыншы кезең — “Ұлттық музыкалық аспаптар”. Бұл кезең барысында балалар қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарымен танысты. Домбыра, тоқылдақ, қонырау сияқты аспаптардың шығу тарихы, дыбысы және ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер берілді. Тәрбиешілер балаларға ұлттық музыка әуендерін тыңдатып, аспаптардың қазақ мәдениетіндегі маңызын түсіндірді. Іс-шара танымдық әрі әсерлі болып, балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.»