Текст
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» жобасы бойынша «Балдырған» тобының тәрбиеленушілері қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі – «Асық» ойынымен танысты. Бұл ойын балалардың ептілігін, шапшаңдығын арттырып қана қоймай, достыққа, әділдікке және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелейді. Ұлттық мұраны дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік қалыптасады.