"АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДЫҒЫ ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ "БАЛБӨБЕК"  БӨБЕКЖАЙЫ"  КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ ҚӘСІПОРНЫ 
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "БАЛБОБЕК" СЕЛА ЕГИНДЫКОЛЬ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕГИНДЫКОЛЬСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ 

Біз әлеуметтік желілердепіз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас зерттеушілер»

09.04.2026

Жас зерттеушілер байқауда өз білімдерін көрсетті

Егіндікөл ауданында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған республикалық танымдық-зерттеу байқауы «Мен зерттеушімін» атты аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты — балалардың танымдық белсенділігін арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденістерін қолдау және қоршаған ортаға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Байқауға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстары мен қызықты жобаларын ұсынды. Қатысушылар ізденімпаздықтарын, байқағыштықтарын және өз жұмыстарын қорғау шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Айгөлек» тобы ІІ орынға ие болды. Жетекшісі — Жакупбекова Марина Анатольевна 👏

Педагог жетекшілігімен тәрбиеленушілер өз жұмыстарын жоғары деңгейде таныстырып, жақсы дайындық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст