Текст
26.11.2025
«Қарлығаш” кіші тобы Қазақ тілі онкүндігінің жоспары бойынша “Ұлттық ойындар” ұйымдастырды. Балаларға “Қамшы алу”, “Көрпеше”, “Асық”, “Арқан тарту” сияқты дәстүрлі ойындар ұсынылды. Ойындарға ортаңғы топтар белсенді қатысты. Ойындар балаларға қуаныш пен қызығушылық сыйлап қана қоймай, олардың топтық жұмысқа бейімділігін, ептілігін, зейінін дамытуға септігін тигізді. Балалар ұлттық ойындардың ережелерін сақтай отырып, бір-бірімен ынтымақтаса ойнады.»