Текст
7 қазан күні Көкшетау қаласында Ұстаздар мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалында ұстаздарды ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кеш барысында Егіндікөл ауданы "Балбөбек" бөбекжайының тәрбиешісі Сарманова Сапаргүл өз ісінің шебері деп танып. Ол Ақмола облысы білім басқармасы басшысы Айнагүл Балташеваның қолынан "Аманат" партиясының алғыс хатын алды.
Бұл алғыс хат — еңбекқорлықтың, адалдықтың және өз ісіне деген махаббаттың жемісі. Сарманова Сапаргүлге алдағы уақытта да табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздар еңбегі-әрқашан құрметке лайықты!