Текст
Құрметті ардагер-ұстаздар!
Ұстаздар күні мен Қарттар күні қарсаңында сіздердің еңбектеріңізді зор алғыс пен құрметпен еске аламыз. Сіздер бар ғұмырыңызды балаларға арнап, оларға білім, мейірім мен даналық сыйладыңыздар. Бүгінде сіздер зейнетте болсаңыздар да, ерең еңбегіңіз шәкірттердің жүрегінде мәңгі сақталады.
🌹 Сіздерге мықты денсаулық, жылулық пен бақытты ғұмыр тілейміз!
Бүгін балабақша ұжымы мен басшылығы ардагер ұстаздарымызды арнайы құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.