"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің № 1, № 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ және Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Егіндікөл ауылының "Балбөбек "бөбекжайы" МКҚК арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес мектеп жасына дейінгі баланың оқу-тәрбие процесінің сабақтастығын, әлеуметтік-мәдени бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында шарттарына сәйкес, ортаңғы және ересек топтардың тәрбиеленушілері үшін мектеп бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Балалар оқу сабақтарына, спортзалға, кітапхана мен асханаға барды. Біздің балалар ерекше сезімде болып, қызығушылықпен бақылап, белсенді қатысты. Берілген жарқын эмоциялар үшін ризашылығымызды білдіреміз!