2024 жылдың 27 қараша күні «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің ММ» ұйымдастыруымен «Балбөбек» бөбекжай» базасында «Мектепке жасына дейінгі балаларға сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындар» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға білім бөлімінің мамандары Контарбаева А.К, Ибраева Г.Р, Калабаева А.А және мектепке дейінгі аудандық педагогтары қатысты. Музыкалық құттықтаумен "Балбөбек " бөбекжайының тәрбиеленушілері семинар ашты, меңгерушінің м.а. Жакупбекова М. А. «Танысу» тренингін өткізді. Барлық қатысушылар семинар бағдарламасына сәйкес жұмысқа қуана қатысты. «Почемучки» кіші тобының тәрбиешілері Мухамедиярова М.Д,Темертасова Т.Н, - «Жемістер мен көкөністерді жинау», «Балдырған» ортаңғы тобының тәрбиешілері Сарманова С.Е, Бакешова М.К, -«Сиқырлы сандық», «Витаминка» ортаңғы тобының тәрбиешілері Жигалова Е.Н, Друзюкова В.В, - «Кішкентай сиқыршылар» атты тақырыптарға ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті. Практикалық бөлімнің ойын форматта өтті, онда қатысушылар тағы бір рет ойнай отырып, тәрбие практикасы жүйесіндегі ойынның құндылығын анықтады. Семинарға қатысқан қонақтар өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті, бөбекжай ұжымына және барлық педагог-тәрбиешілердің жұмыстарына сәттілік тілеп, қоржындарға алған тәжірибелерін толтырды.Семинардың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.