Жалпы ата-аналар жиналысы

22 қаңтарда біздің балабақшада " Біздің балабақша. Біздің балалар. Біздің болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өтті.

 Мақсаты: педагогикалық шеберлікті арттыру, балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарын балабақшаның жаңа шарттарымен таныстыру.

Күн тәртібі:

1.Кіріспе бөлім.

2. Ойын ата-аналармен.

3. Ата-аналарды жаңа Шартпен таныстыру.

4. Ата-аналарға арналған ережелер туралы.

5. Балалар денсаулығы туралы.

6. Биылғы жылғы негізгі іс-шаралар туралы.

7. Қамқоршылық кеңес құрамын сайлау.

8. Әртүрлі қысқа.

Жиналысты бөбекжай-бақшасының меңгерушісі өз баяндамасымен бастады.

Ол ата-аналарды жиналыстың тақырыбымен таныстырып, ойын өткізді, ата-аналар топтарға бөлініп,  белсенділікпен жұмыс істеді және "Біздің арман ағашымыз"атты презентациясын қорғады.

Бөбекжай-бақшасының басты мәселесі –төлемақы жайлы айтылды. және келісім шарт  туралы талқыланды.

Екінші сұрақ  бақшамыздың жұмысының тәртібі мен ережелері туралы болды. Үшінші сұрақ "денсаулық туралы" диеталық тамақтану бойынша медбике Р. Т. Уаисова ата - аналарға бала-бақшадағы және үйде балалардың теңдестірілген тамақтануы бойынша ұсыныстар берді.  Ата-аналар өздерін қызықтырған тақырыптарға сұрақтар қойды: ата-аналардың барлық сұрақтарына меңгерушінің де, тәрбиешілер де толықтай жауаптар берді.  Жиналыс барысында қамқоршылық кеңес құрамына әр топтан ата-аналар сайланды. Жиналыс әр түрлі әңгімемен аяқталды.